Accessibility links

Ресейдің 13 адамды Өзбекстанға қайтармау туралы шешімін ОБСЕ қуаттап отыр


Ол адамдарға Өзбекстан өткен жылғы Әндіжан оқиғасына қатысы бар деп іздеу жариялаған. ОБСЕ-нің қазіргі төрағасы, Бельгияның сыртқы істер министрі Карел де Гюхт бұл 13 адамның тағдырына байланысты Мәскеумен әрі қарай да ынтымақтастық жалғасады деп үміттенеді. 12 өзбекстандық және бір қырғызстандық азамат Ресейдің Иваново қаласында ұсталған болатын. Кеше Ресей Бас прокуратурасы бұл азматтарды экстрадициялау Европа соты олардың тағдырына қатысты бір шешім қабылдағанға дейін шегеріле тұрады деген.
XS
SM
MD
LG