Accessibility links

Совет Одағы ыдыраған 15 жылда Ресейдегі демократиялық жағдай қалай өзгерді?


1990-91 жылдардың қысында Совет Одағының іргесі шайқала бастады. 1991 жылдың 20-шы тамызында әрбір республикаға көбірек тәуелсіздік беру жөніндегі одақтың келісіміне қол қою үшін кездесу жоспарланған еді. Алайда екі күні бұрын, Совет Одағының президенті Михайл Горбачев командасының кейбір қызметкерлері мен басқа да саяси бюро мүшелері Қырымдағы президенттің саяжайына келіп, президент Горбачев пен оның отбасын үй тұтқынына алады. Одан кейінгі оқиғалар мыңдаған адамның көшеге шығуымен жалғасын тапты. Бірақ, содан бергі 15 жылдың ішінде де Ресей демократия орнатуда халықаралық сындарға тап болып келеді.

1991 жылдың 19-шы тамызында Ресейдің вице президенті Александр Рутской алаңға шыққандарға өтінішпен қайрылып, мынадай мәлімдеме жасады:

“Мен сіздерді, офицер жолдастар, сарбаздар, теңізшілер, халыққа өздеріңіздің әке-шеше, бауыр-қарындастарыңызға қарсы шықпауға шақырамын”.

Осылай деген вице президенті Рутской тағы да халыққа қайрылған мәлімдемесінде елдің тағдыры демократиялық дамуы сіздердің қолдарыңызда деген. Оның мәлімдемесі бірден қабылданып, алаңдағы танктер дайындықта тұрғанымен, әскерлер астыртын әрекет жасамақ болған бүлікшілерге қарсы көшеге шыққан мәскеуліктерге оқ атпады.

«Азаттық» радиосына сол кезде адам құқықтарын қорғаушы белсенді болған диссидент Елена Боннер былай дейді:

“Сағат сегіз болып қалғанда, Юрий Самодуров маған телефон соғып, теледидарыңызды қосыңыз деді. Мен оны қосқанда сондағы адамдардың келбетін, болып жатқан жағдайларды көрдім. Мен бәріне телефон соға бастадым. Мен өзім көп елдің ортасында болған адаммын. Мен оларға Мәскеу қаласының кеңесіне барыңдар дедім. Ешкімде шындығында не болып жатқанынан білмеді. Сосын сағат 9 немесе 10-дарда олар қалалық Кеңестен телефон соғып біздің сол жерде болған көп адамдарымыз Ақ үйге бара жатыр деп айтты. Мен де сол сияқты Ақ үйге бет алдым”.

Алаңда болған ол жиында Борис Ельцин қарсылықтың нышанына айналып, Ресей туы орнатылған танкке шығып алып, бәрін бүлікшілдерге жаппай төтеп беруге шақырды. Олардың беті қайтып, жоспарлары сәтсіздікке ұшыраған соң Қырымнан Горбачев ұнжырғасы түсіп Мәскеуге келген.

Ельциннің сол жылдары «Азаттық» радиосына берген сұхбатында айтқанындай, Совет Одағы Горбачевсіз-ақ өзгеріске ұшырады:

“Менің ойымша, маңызды нәрсенің бірі президент Горбачев қайтып келгенде басқа Ресейге басқа елге оралды. Менің байқағаным, кеше мен онымен жарты күн бірге болып, онымен келешекті талқылап, алдағы реформаларды экономикалық қайта құру мен түбегейлі реформаларды, демократиясыз, демократияны дамытпастан жүргізу мүмкін емес екенін түсінді. Меніңше, ол сондай-ақ, Совет одағының Коммунистік партиясының ролін іс жүзінде тоқтату қажеттігін де түсінді”, - деген Ельцин.

Бірақ, сол кезде Ельцин айтқан демократияға не болды деген сауал туып, Ресейдегі үкіметтік емес ұйымдар мен ақпарат өкілдеріне қысым жасалуы, ЮКОС-тың соңына түсуі, тағайындауларда, аймақтық губернаторларды сайлауда, Шешенстандағы соғыссаяси оппозицияны елемеу сияқты барлық жағдайлар Ресейдің 15 жыл ішіндегі демократиясына көлеңке түсірген кемшін тұстар.

Бұл жөнінде Чатем Хаустағы Ресей және Еуразия жөніндегі бағдарламаның менеджері Джеймс Никсей бұл көрсеткіштер Ресейдің либералды демократиямен жасаған тәжірбиесі аяқталды деп ойлайтынын айтқан.

“Егер сіз президент Путинге қарасаңыз өте жоғары мақұлданған деңгейді көресіз. Және де егер сіз 2000 жылдан бергі деректі қарасаңыз өмір сүру деңгейі айтарлықтай көтерілгені туралы байқайсыз. Әрі бұл сіздің мықты және тәуелсіз жетекшіңіз бар екенін және оның сол кездегі Ельцин сияқты дірілдемейтінін көресіз. Бұл губернаторды тағайындағаннан, және орыстардың көбі білмейтін үкіметтік емес ұйымдардың не екенін білмейтін орыс ұлты үшін ресейліктердің орташа өмір деңгейіне шынайы ықпал ететін жағдай маңызды”, - деген ол.
XS
SM
MD
LG