Accessibility links

Бүгін 1991 жылғы 19 тамызда болған Мәскеудегі тамыз төңкерісінің 15 жылдығы


Сол кездегі Совет одағының басшысы Михаил Горбачевтің рефромалық бағдарламасына наразылық танытқан топ Мәскеуде Горбачевті биліктен тайдырып, ел билігін қолдарына алуға әрекет жасады. Алайда астыртын әрекетпен билікті басып алмақшы болғандарға қарсылық танытып, Мәскеудің көшелеріне шыққан халыққа әскерлер оқ атудан бас тартқан соң, сәтті жасалған төңкеріс те үш күннен соң ыдырыған еді. Десек те, тамыз төңкерісі Совет одағының құлауына алып келген алғы шарт болды, 1991 жылдың аяғына қарай, бір кезде көпұлтты халықтың мызғымас одағы атанған Советтер өкіметі келмеске кетті.
XS
SM
MD
LG