Accessibility links

Түркияның шығысындағы газ құбырында жарылыс салдарынан өрт шыққан


Агри провинциясының губернаторы Халил Ибрахим Акпинар газ құбырындағы бұл апатқа күрд бүлікшілерінің шабуылы себеп болуы мүмкін деп айтқан. Түркияның Анадолы жаңалықтар агенттігі құбыр арқылы Ираннан газ тасымалданады деп хабарлаған еді. Ал мұның алдындағы хабарларда жарылыс ұшқыны Каспий теңізінен Түркияға тартылған жаңа құбырға тиді деп айтылған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG