Accessibility links

Польша Беларус поляктары одағының мүшелерін босатуға шақырады


Польшаның сыртқы істер министрі Беларус билігін аталған одақтың жұма күні ұсталған үш белсендісін бостандыққа жіберуге шақырды. Польша жағының мәлімдемесіне қарағанда, олар ұйымның мәжілісі алында ұсталған. Өткен жылы Варшава мен Минск арасында поляк одағының бірқатар жетекшілерінің Беларус билігі тарапынан қудалауға ұшырауына байланысты дау туындаған еді. Беларус президенті А.Лукашенко Польшаны елдің ішкі ісіне араласты деп айыптаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG