Accessibility links

БҰҰ-ның бас хатшысы К.Аннан Израил Қауіпсіздік кеңесінің қарарына сәйкес орнатылған бітімді бұзды деп мәлімдеді


Сенбі күні кешкісін жария болған Кофи Аннанның мәлімдемесінде Израил әскерлерінің Ливанның шығысында жүргізген операциясы Қауіпсіздік кеңесінің бітім шарттарын анықтаған 1701 қарарына қайшы келеді деп атап көрсетілген. Израилдың әскери қолбасшылығы операция мақсаты - Хезболла тобына Сирия мен Ираннан қарудың жеткізілуіне жол бермеу деп айтқан болатын. Жаугерлермен қақтығыста бір израил солдаты қаза тауып, екеуі жарақаттанған.
XS
SM
MD
LG