Accessibility links

Израиль Таяу Шығыстағы бітімнің шарттарын тағы да өрескел бұзды


БЕЙРУТ: Бүгін Израильдің соғыс ұшақтары тағы да Ливанның үстінен ұшып өтті. Барлаушы ұшақтар елдің барлық түкпірінен байқалды. Сенбіге қараған түні Ливанның шығысына десантын түсірген Израиль бітімнің шартарын бұзды. БҰҰ-ының Бас хатшысы К.Аннан Израильді осылай деп айыптады. Израиль ондай айыпқа қарсы шығып, Сириядан “Хизболлаһ” тобына жеткізілетін қару-жарақтың жолын бөгемек болғанын мәлімдеді. Ливанның қорғаныс министрі егер Израиль бітім шартарын тағы да бұзатын болса, Ливан үкіметінің Израиль шекарасына жақын оңтүстігіне өз әскерін орналастырудан бас тартатынын ескертті. Осы күні Ливанның оңтүстігіне 50 францұз жауынгері келіп тоқтады. Жанжал болған аймаққа бас-аяғы 15 мыңдық халықаралық бітімгершілік күші орналасуға тиіс.
XS
SM
MD
LG