Accessibility links

Иран уранды байыту бағдарламасын доғармайтынын айтты


БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан Иранды әлемнің алпауыт елдері жасаған ұсыныстарына көнуге шақырды. Аннанның мәлімдемесінде Иран үкіметі өзінің ядролық бағдарламасы төңірегінде қалыптасып отырған дағдарысты шешу үшін осы “тарихи мүмкіндіктен” пайдаланып, келіссөз жүргізуі тиіс делінген. Ал Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі Хамид Реза Асефи АҚШ, Ресей, Қытай, Франция, Британия және Германия елдері тарапынан жасалған ұсыныстарға Теһран сейсенбіге дейін ресми түрде жауап береді деп мәлімдеді. Асефи, сондай-ақ, Иран уранды байыту бағдарламасын тоқтатпайды деп қайталап айтты. Ал БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Теһран тамыз айының соңына дейін уранды байыту бағдарламасын доғарсын, әйтпесе оған қарсы санкциялар енгізілуі мүмкін деген қарарды мақұлдаған болатын.
XS
SM
MD
LG