Accessibility links

Израильмен дипломатиялық қарым-қатынасы жоқ елдер бітім процесіне қатыспауы керек


ИЕРУСАЛИМ: БҰҰ-ының арнаулы өкілі мен Израиль басшылығының Иерусалим қаласындағы бүгінгі кездесуі барысында Таяу Шығыстағы тыныштықты сақтау мүмкіндігі талқылану үстінде. Оның алдында Бейрут қаласында БҰҰ-ының өкілі Терье Род-Ларсен: “Израиль мен “Хизболлаһ” ұйымы арасындағы осыдан 1апта бұрын қол жеткен бітім шарты онша берік емес”, -деп мәлімдеп, екі жақты да ұстамдылыққа шақырды. Өз кезегінде Израиль премьер-министрі Эхуд Ольмерт Ливанның оңтүстігіне орналастырылатын халықаралық бітімгерлік күштерін Италияның басқарғанын талап етуде. Сондай-ақ Ольмерттің мәлімдеуінше, Израильмен дипломатиялық қарым-қатынасы жоқ елдер бітім процесіне қатыспауы керек. Израильмен дипломатиялық байланысы жоқ бірқатар ел (Индонезия, Малайзия, Бангладеш) БҰҰ-ына өз әскерлерін Ливанға жіберуді ұсынды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG