Accessibility links

С.Хусеинге “100 мыңдай күрдті жаппай қырды” деген айып тағылып отыр


БАҒДАД: Бүгін Бағдадта биліктен құлатылған диктатор С.Хусеиннің ісі бойынша екінші сот процесі басталуға тиіс. Бұл жолы С.Хусеин мен оның 6 үзеңгілесіне Ирақтың солтүстігіндегі күрдтерге қарсы геноцид саясатын жүргізді деген айып тағылып отыр. Тергеу мәліметтері бойынша, 80-інші жылдардың соңында Ирақ армиясы күрдтер тұратын өлкелерде улы химиялық қару қолданып жазалау операциясын жүргізді. Шамамен 100 мыңға жуық күрд қырылып, талай аудан елсіз қаңырап қалды. Осыған дейін экс-диктатор мен жақын үзеңгілестері Дужайыл ауылының шийттерін жаппай қырды деп деп айыпталды. Бұл айып бойынша әлі өкім шығарылған жоқ.
XS
SM
MD
LG