Accessibility links

Қазақстан мен Қытай бірігіп террорлыққа қарсы жаттығу өткізбекші

  • Жұлдыз ТӨЛЕУ

Қазақстанның «Экспресс – Қазақстан» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, тамыз айының 24-мен 26 аралығында Шанқай Ынтымақтастық Ұйымы шеңберінде Қазақстан мен Қытай мемлекеті арасында террорлыққа қарсы жаттығу өтпекші. Алайда бұл ақпаратты әзірге Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті растамай отыр. Дегенмен Парламент Мәжілісінің халықаралық істер және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, депутат Ерасыл Әбілқасымов Ұйым шеңберінде келісімге сәйкес әскери жаттығулар өткізіп тұру керектігін айтады. Бұл «Америкаға қарсы тұру үшін керек», дейді депутат.

Шанқай Ынтымақтастық ұйымы шеңберінде өткелі отырған террорлыққа қарсы жаттығуы Қазақстан аумағының Алматы облысында және Қытай жерінің Ұйғыр автономиялық ауданындағы Инин Синьцзян қаласында «Тянь – Шань-1» деген атпен болады деп күтілуде. Қазақстанның «Экспресс – Қазақстан» ақпарат агенттігіне Қытай Халық Республикасының қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі министрлігі өкілі аталған жаттығудың екі мемлекет арасында алғаш рет өткелі отырғанын айтқан. Сонымен қатар террорлыққа қарсы күрес жаттығуының мақсаты қауіпсіздікті күшейту және шекаралас аудандардағы тұрақтылықты бірлесе отырып қамтамасыз ету. Алайда бұл жаттығу жөнінде Қазақстанның ресми орындары нақты жауап бермеді.

Дегенмен Қазақстан Парламентінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөннідегі комитетінің мүшесі, депутат Ерасыл Әбілқасымов өздері Парламентте бекіткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы келісімі шеңберінде әскери жаттығулар өту керек дейді:

– Бізге Америка секілді алпауыт мемлекеттерге қарсы тұралатын күш керек. Шынын айтқанда Қытай бізге дос емес, бірақ сенетін біреу болуы керек. Шанқай Ынтымақтасты Ұйымы келісіміне сәйкес Қазақстанда бір жағда

й бола қалса Ресей мен Қытай мемлекеттері көмек жасайды.

Сонымен бірге Мәжіліс депутаты Ерасыл Әбілқасымов шағын әскері бар Қазақстанның көрші мемлекеттердің алпауыт әскерінен үйренері көп дейді:

– Қазақстанға бәрімен дос болған жөн. Себебі түкке тұрмайтын кішкентай әскері бар. Ал Қытай мен Ресейдің миллиондаған әскері бар. Сол себептен солармен бірге жаттығу жасап, үйренсең суға батпайсың.
XS
SM
MD
LG