Accessibility links

Қазақстанда аудан әкімдерін сайлау қазанның 20-сы күні өтпекші


Сейсенбі күні Астанада өткен Орталық Сайлау комиссиясының отырысында аудан әкімдерін және облыстық маңыздағы қала әкімдерін сайлау мәселесі қаралып, сайлауды алдағы қазан айының 20-сы күні өткізу жөнінде қаулы қабылданды.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабековтың сайлау өткізу жөніндегі ұсынысын орталық сайлау комиссяисының мүшелері бір дауыстан қабылдаған. Сонымен Орталық сайлау комиссяисының қаулысы бойынша биылғы өтетін әкімдер сайлауы Қазақстандағы барлық аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың барлығын қамтымайды тек оның 30 процентіні ғана қамтитын көрінеді. Қалған аудандар мен қалаларда келесі жылы сайлау өтпекші көрінеді.

Әкімдер сайлауы өтілетін аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар облыс әкімдері тарапынан келісілуі бойынша іске асқалы отыр. Биылғы сайлау Қазақстандағы 50 ауданды және облыстық маңызы бар 9 қаланы қамтығалы отыр.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ляззат Сүлеймен Жаңылысқызының айтуынша сейсенбі күнгі Орталық Сайлау комиссиясының отырысында сайлау алдындағы іс шаралардың жоспары да белгіленген. Жоспар бойынша қыркүйектің 5-і мен 19-ы аралығында әкімге үміткерлердің аттары ұсынылып оларды тіркеу жұмысы қыркүйектің 10 мен 24 аралығында жүрілмекші.

Ал сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары тіркеу аяқталған күннен бастап қазан айының 18-не дейін жүріледі. Ал сайлау қортындысы қазанның 26 сында жария етілмекші.

Осы жолғы сайлауда әкімдерді аудан жұртшылығы емес халық өкілдері яғни аудандық мәслихат депутаттары сайлайды. Ал облыс әкімі болса сайлау заңында көрсетілуі бойынша аудан не қала әкімі үшінгі сайлауға түсетін екіден кем емес үміткердің атын ұсына алады. Егерде ол қажет деп қөрсе қайсыбір партия не қоғамдық ұйымдар ұсынған кандидатты да үміткер ретінде ұсына алады, бірақ соңғы шешім облыс әкімінің құзырындағы нәрсе дейді Ляззат Сүлеймен.

‘Әділетті Қазақстан үшін‘ қоғамдық қозғалысының төрағасы Жармақан Тұяқбай аудан әкімін сол ауданның жұртшылығы яғни халық өзі сайлай алмаса ондай сайлауды қалай әділ сайлау деуге болады, бұл жолы да билік өз адамдарын аудан, қала әкімі етіп сайлайды сондықтан оны әділ сайлау деуге еш келмейді деген пікір білдірді.

Ал оппозициялық ‘Тасжарған‘ газетінің бас редакторы Бақытгүл Мәкімбай Қазақстанда аудан әкімдерін сайлау жөніндегі ұсыныстың алғаш сонау 2001 жылы қәзіргі оппозиция серкелерінің бірі, сол кездегі Павлодар облысының әкімі болған Ғалымжан Жақияновтың ауызынан шыққанын сол үшін ол биліктен қудалау көіріп, түрмеге дейін түскенін айтады. Сондықтан билік бүгін сол идеяаны қағып алып іске асырғысы келгенімен бұл алдағы сайлаудан ешнәрсе өзгермейді дейді ол.

Ұлттық зерттеулер институтының директоры Бөріқан Нұрмұқамедовтың айтуынша алдағы сайлауда билік бәрібір өз адамдарын әкімдікке өткізеді. Одан түк шықпайды ешнәрсе өзгермейді дейді ол. Ал ұлт тағдыры қозғалысының төрағасы Дос Көшім қәзіргі сайлау заңы өзгеруі керек, өйтпейінше бәрі өтірік, алдау болады деген пікір айтады.
XS
SM
MD
LG