Accessibility links

Геноцидтік қылмыста айыпталып, абақтыда отырған Ирақтың бұрынғы жетекшісі Саддам Хұсейннің үстінен жабық сот үдерісі жалғасты


Саддам Хұсейн мен оның 6 жоғары дәрежелі көмекшісіне 1988-жылғы Анфал науқаны кезінде күрдтерге қарсы қылмыс жасаған деген айып тағылып отыр. Тергеушілердің есебі бойынша, ол қырғын кезінде 182 мыңдай адам қаза тапқан. АҚШ әскерилерінің хабарына қарағанда, Ирақтың батысындағы Анбар уалаятында үкіметтік сақшылар қатарына 500-дей жаңа адам қосылған. Сонымен, Анбар уалаятындағы полиция күштері саны 2200ден асқан.
XS
SM
MD
LG