Accessibility links

Иран атом мәселесінде "нақты келіссөз" бастауға дайынбыз деді


Иран ядролық бағдарламамызды тоқтату жайында жасалған халықаралық ұсыныстар бойынша "нақты келіссөзді" бастауға дайынбыз деп мәлімдеді. АҚШ-тың Біріккен Ұлттар Ұйымындағы елшісі Джон Болтон Иран жауабын мұқият қараймыз деді. Иранның ядролық бағдарлама бойынша бас өкілі Әли Лариджани келіссөзді бүгін бастаса болады дейді. Бірақ Иран уран байытуды тоқтата ма, жоқ па – ол айтқан жоқ. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Иран уран байытуды 31 тамызға дейін тоқтатсын деп, басты шарт ретінде осыны айтады, әйтпесе санкциялар қолданылуы мүмкін дейді.
XS
SM
MD
LG