Accessibility links

Түркіменстанда "Азаттық" радиосының тілшісі сотталатын болды


Түркіменстанда "Азаттық" радиосының тілшісі Огүлсапар Мұрадова сотқа тартылатын болды. Огүлсапар Мұрадова маусым айында қамалған. Огүлсапар Мұрадоваға қандай айып тағылғаны анық емес. Адам құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдар Огүлсапар Мұрадованың қамалуына сөгіс айтқан. "Азат Еуропа"/"Азаттық" радиосының уақытша президенті Джефф Тримбл Огүлсапар Мұрадова еш айыпталусыз қамалып отыр, оған адвокат жолықтырылмайды, бұл Түркіменстан заңдарына қайшы, халықаралық заңдарға қайшы деп наразылық танытқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG