Accessibility links

Ресейде бүгін "Ту-154" ұшағының апатына байланысты аза тұту күні


"Ту-154" ұшағы сейсенбі күні Анапа қаласынан Санкт-Петербор қаласына келе жатқан. Ұшақ Украинада Донецк қаласының маңында құлады. Ұшақтағы барлық 170 адам қаза тапты. Ресей көлік министрі Игорь Левитин ұшақ мәліметтері Мәскеуде, ТМД мемлекетаралық авиация комитетінде зерттеледі деді. Апат ауа-райының қолайсыздығынан болуы мүмкін деп ресми айтылады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG