Accessibility links

Франция Ливанға тағы 1600 сарбаз жібереді


Франция Ливанға бітімгершілік қызмет атқару үшін тағы 1600 сарбаз жібереміз деді, олар Біріккен Ұлттар Ұйымының әскеріне қосылмақ. Франция президенті Жак Ширак қосымша екі батальон жолдаймыз, олар БҰҰ әскеріндегі жасағымыздың қатарын арттырады, Ливандағы әскеріміздің қатары ұзын саны екі мың сарбазға жетеді деп жариялады. АҚШ президенті Джордж Буш Франция шешімін жылы қабылдады. БҰҰ Ливанда 15 мың бітімгерші сарбаз орналастырамыз деп жоспарлаған. БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан бүгін Брюссель қаласында Еуропа Одағының сыртқы істер министрлерімен кездеседі, осы мәселені талқылайды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG