Accessibility links

Түркіменстандық журналист 6 жылға бас бостандығынан айрылды


Журналистер құқығын қорғайтын «Шегарасыз репортерлар» тобы «Азаттық» радиосының Түрікмен қызметінің тілшісі Оғулсапар Мурадованың бас бостандығынан айрылуын өте масқара, ақылға сыйымсыз шешім болды деген мәлімдеме таратты.

Шетелдегі Түркімен Хелсинкі қорының жетекшісі Тәжігүл Бегмедованың айтуынша, Ағшабаттағы ол сот кезінде көптеген әділетсіздіктер орын алған.

- Сот кезінде ол маңайдағы барлық көшелер жауып тасталды. Сот залына тіпті айыпталушылардың туыстары да кіргізілмеді. Адвокаттар да бір минуттық сөйлесуден кейін шығарып жіберілді, - деді Бегмедова.

Сонымен Оғулсапар Мұрадова 6 жылға, ал адам құқықтары белсенділері Аманқылычев пен Хажиев 7 жылға бас бостандығынан айрылды. Оларға суық қарулар ұстаған деген айып тағылған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG