Accessibility links

"Антлантис" ғарыш кемесінің ұшырылуы 24 сағатқа шегіндірілді


АҚШ-тың НАСА ғарыш агенттігі бүгінге жоспарланған "Антлантис" ғарыш кемесінің ұшырылуын 24 сағатқа шегіндірді. Ұшу кестесі неден өзгертілгені айтылған жоқ. "Антлантис" кемесінің ұшу алаңына жұма күні найзағай түскен болатын. Ғарыш кемесіне не болмаса құрал-жабдыққа найзағайдан зақым келмегеніне көз жеткізуге уақыт беріліп отыр. "Антлантис" ғарыш кемесі енді Астана уақыты бойынша 29 тамызға қараған түні ұшырылмақ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG