Accessibility links

Жергілікті тайпа көсемінің қазасы халық толқуына түрткі болды


ИСЛАМАБАД: Пәкістанның халық толқуы шыққан Кветта қаласының билігі комендант тәртібін орнатып, көмекке әскер шақырды. Халық толқуы жергілікті белуджи тайпасы көсемінің қаза болғаны мәлім болған кезде көтерілді. Тайпа көсемі мен оның 30 үзеңгілесі Белуджистан өлкесін Пәкістанның қауіпсіздік күштерімен қақтығыста қаза тапты. Кветта қаласы – Белуджистан өлкесінің астанасы болып табылады. Жергілікті үкіметтің саясатына риза емес белуджи жасақтары соңғы кезде билік өкілдеріне жиі шабуыл жасайтын болды.
XS
SM
MD
LG