Accessibility links

К.Аннан Ливанда БҰҰ-ының 15 мыңдық бітім күштерін орналастыру мәселесін талдайды


БЕЙРУТ: БҰҰ-ының Бас хатшысы К.Аннан “Хизболлаһ” тобы мен Израиль арасындағы 34-күндік соғыс аяқталған Ливанға алғаш рет бүгін сапармен келуге тиіс. Соғыс 2 апта бұрын тоқтады. Сапар барысында К.Аннан Ливан премьер-министрі Фуад Синиорамен және басқа да ресми тұлғалармен кездесіп, Ливанның оңтүстігіне БҰҰ-ының 15 мыңдық бітім күштерін орналастыру мәселесін және олардың рөлін талдауға тиіс. Сонымен қатар келіссөз барысында Ливанды Израильдің теңіз бен әуе блокадасынан шығару, “Хизболлаһ” тобына арналған қару-жарақ контрабандасына тосқауыл қою үшін Ливан-Сирия шекарасын күзету мәселелері талданады.
XS
SM
MD
LG