Accessibility links

Түркияның Мәрмәр курорты мен Стамбул қаласының ауданында 4 жарылыс болды


АНКАРА: Түркияның Жерорта теңізінің жағалауындағы Мәрмәр курортында кеше болған бомба жарылысынан, соңғы дерек бойынша, кем дегенде 21 адам, оның ішінде 10 британ азаматы жараланды. Түріктердің Анадолы агенттігінің хабарлауынша, олар кеше күн батқанда микроавтобус жарылған кезде жараланған. Осы күні кешкісін Стамбулдың бір ауданында болған тағы бір жарылыстан 6 кісі жараланды. Бұл жарылыстарды әзірше ешкім өз жауапкершілігіне алған жоқ.
XS
SM
MD
LG