Accessibility links

АҚШ өз одақтастарымен бірігіп Иранға өз бетінше жаза қолдануы ықтимал


НЬЮ-ЙОРК: АҚШ-тың БҰҰ-ындағы елшісі Джон Болтонның мәлімдегеніндей, егер Иран уран шикізатын байыту жұмыстарын тоқтату талабын орындамайтын болса, ресми Вашингтон өзінің одақтастарын жинап, оған бір жақты жаза қолдану құқын сақтайды. Газетке берген сұхбатында Джон Болтон, егер БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінде Иранның уран шикізатын байыту жұмыстарын күштеп тоқтату туралы шешім өтпей қалған жағдайда, АҚШ-тың өз одақтастарымен бірге Иранға қандай жаза қолдануы мүмкін екенін талқылай келе, осылай деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG