Accessibility links

Қауіпсіздік Кеңесінің Иранға тағайындаған соңғы мерзімі тақап қалды


ПАРИЖ: Франция президенті Жак Ширак Иранды өзінің ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дағдарысқа қатысты халықаралық қоғаммен арада үйлесімді шешім қабылдауға шақырды. Ж.Ширак бұл үндеуін Иранға уран шикізатын байыту жұмыстарын тоқтату үшін БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі тағайындаған соңғы мерзім жақындаған кезде жолдап отыр. Егер Иран 31-інші тамызға қарай уран шикізатын байыту жұмыстарын тоқтатпаса, БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі оған жаза қолдану туралы шешім қабылдауы мүмкін.
XS
SM
MD
LG