Accessibility links

Қазақстанда бірқатар келісімге қол жеткізген жапон премьері Ташкентке барады


ТАШКЕНТ: Жапония премьер-министрі Дзюньитиро Коидзуми Күншығыс елінің үкімет басы ретінде Орта Азия аймағына тұңғыш сапары барысында бүгін Ташкентке келуге тиіс. Кеше ол Астанада Қазақстан президенті Н.Назарбаевпен келіссөз өткізді. Коидзуми Жапонияның табиғи қуат қорына мұқтаж екенін айтып, Орта Азия елдерінің энергетикалық қорын игеруге мүдделі екенін мойындады. Коидзумидің Астанаға сапарының қорытындысы бойынша екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы бірлескен Мәлімдемеге қол қойылды және атом қуатын бейбіт мақсатқа пайдалану саласындағы екі жақты ынтымақтастықты дамыту туралы меморандум қабылданды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG