Accessibility links

К.Аннан Израильден Ливанды әуедегі және теңіздегі қоршауынан шығаруын талап етті


БЕЙРУТ: БҰҰ-ының Бас хатшысы К.Аннан Ливанға бекінген “Хизболлаһ” тобынан шілде айында өзі тұтқындап алып кеткен 2 Израиль жауынгерін босатып, оларды “Қызыл Крест” комитетіне беруін талап етті. Кеше Бейрут қаласына сапармен келген К.Аннан, сонымен қатар, Израильді де Ливанды әуедегі және теңіздегі қоршауынан шығаруға шақырды. Ливан үкіметімен келіссөзінен кейін оның атап көрсеткеніндей, ресми Бейрут БҰҰ-ының Таяу Шығысқа қатысты шешімін бұлжытпай орындауға уәде берген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG