Accessibility links

Франция Иранмен оның ядролық бағдарламасы турасында бір байламға келу үшін пікір алысуларды қайта жаңғыртуға әзір екендігін мәлімдеді


Бүгін Париждегі Франция елшілерінің кездесуінде сөйлеген сөзінде Францияның сыртқы істер министрі Филипп Дуст Блэзи Франция Иранның уранды байытуды тоқтатуын талап ететін болады деп атап көрсеткен. Қауіпсіздік кеңесі тамыздың 31-іне дейін Иран уран байытуды тоқтатуы тиіс, олай болмаған жағдайда түрлі санкциялар салу мүмкіндігі қаралады деген шарт қойған болатын. Осы аптада Техеран өзінің ядролық бағдарламасы турасындағы келіссөздерді қайта жалғастыруға дайын екендіктерін айтқан еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG