Accessibility links

Бүгін БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан Таяу шығыстағы сапарын жалғастыруда


Бүгін БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан Иорданияда Хизболла мен Израйл арасындағы атысты тоқтатуды бекіту мақсатында келіссөздер өткізуде. Одан кейін Аннан Сирияның Ливан шекарасына қару жарақ жеткізуге көмегін тоқтатуға шақыру үшін Дамаскіге барады. Сирия президенті Башар әл Ассад Дамаскі Ливан шекарасында БҰҰ әскерінің орналасуын жаулық әрекет деп санайтынын айтқан. Сәрсенбі күні Кофи Аннан Иерусалимде Израйл премьер министрі Эхуд Олмертпен кездесті. Әзірге, Олмерт Кофи Аннанның Израйлдың Ливанға әуеден және теңізден жасап отырған блокадасын алуға шақырғанын қабылдамаған.
XS
SM
MD
LG