Accessibility links

Оппозиция жетекшілерінің бірі Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі серігінің өліміне қатысты сот үкімі шықты


Бүгін Алматы маңында ақпан айында өлтірілген қазақстандық оппозиция жетекшілерінің бірі Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі серігінің өліміне қатысты Талдықорғанда өткен сот соңғы үкімін шығарды. Бұл өлімді ұйымдастыруға құпия түрде жетекшілік еткен әрі жүзеге асырған деген айыппен 10 адам сотқа тартылған болатын. Сот үкімімен Ержан Өтембаевқа - 20 жыл; Виталий Мирошниковқа - 20 жыл; Рустам Ибрагимовке - өлім жазасы берілді. Және қалғандарына 10 жылдан көп уақыт түрме жазасы кесілді. Сондай-ақ, сот әрбір айыпкерден 3 млн теңге моральдық шығынды жәбір көрушілердің есебіне өндіруді, сотталғандардың кейбірінің мүлкін тәркілеу туралы үкім жасады. Бірақ, Сәрсенбайұлының жақтастары мен туыстары бұл сот отырысын “фарс” деп атап, бұл өлім үшін нағыз айыптылар көлеңкеде қалып отыр деп санайды.
XS
SM
MD
LG