Accessibility links

Солтүстік Осетияда Беслан мектебінде қаза тапқандарды еске алуға арналған үш күндік аза тұту шарасы өтіп жатыр


Мектепке келген мыңдаған адам гүл шоқтарын қойып, жазықсыз құрбан болғандардың рухына тағзым етті. 2004 жылы оқу жылы басталған күні Бесландағы 1-ші мектепті басып алған лаңкестердің қолында 1200-дей адам қалды, оларды босату барысында 333 адам мерт болған еді, көбі оқушы балалар болған. Олардың өліміне кінәлілер алі анықталған жоқ. Ресейдің Бас прокуратурасы тергеу амалдарын кезекті рет қаңтар айына дейін созды. Мектепті басып алғандардың ішіндегі жалғыз тірі қалған Нұрпашы Кулаев өмірлік түрме жазасына кесілді.
XS
SM
MD
LG