Accessibility links

Беслан оқиғасына екі жыл болды


Ресейде осыдан екі жыл бұрын Беслан қаласындағы мектепті басып алған қанды оқиғаны еске алу шаралары басталды. 2004 жылы жаңа оқу жылы басталған күні Бесландағы 1-ші мектепті басып алған лаңкестер 1200-дей адамды кепілдікке алып, оларды босату барысында 333 адам мерт болған еді. Олардың көбісі оқушы балалар болды. Мектепті басып алғандардың ішінде жалғыз тірі қалған Нұрпашы Кулаев өмірлік түрме жазасына кесілді. Ал, құрбан болғандардың туыстары бұл іс толығымен ашылған жоқ деп, тұтқындардың өліміне әкелген мектептегі жарылысқа жауапты кім деген сауалға жауап іздейді.
XS
SM
MD
LG