Accessibility links

Еуро Одақ Иранға санкция салу әлі ертерек деді


Еуропа Одағы Иранның уран байытуды тоқтатудан бас тартып, БҰҰ-ның 31-ші тамызға дейін берген уақытына жауап бермегені үшін бұл елге қарсы санкция салу ертерек деп отыр. Еуропа Одағының қазіргі төрағалығындағы Финляндия бұл тұрғыда Иранмен келіссөз өткізуге шақырып отыр. Және Финляндия сыртқы істер министрі бұл кезді Иранға санкция енгізетін кез емес деп айтқан. Бірақ, Еуропа Одағының сыртқы саясат бойынша басшысы Хавьер Солана Иранның бұл дағдарысты шешу үшін белгісіз кезеңдегі уақыты жоқ деген.
XS
SM
MD
LG