Accessibility links

Аптадағы қызықты ғылыми жаңалықтар

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Бұл аптадағы ғылыми жаңалықтардың бірі ретінде Бруклинде орналасқан Нью-Йорк - Доунстейт мемлекеттік университеті зерттеушілерінің ашқан жаңалығын айтса болады. “Сайенс” басылымының өткен санында ол ғалымдар зертхана жағдайында тышқанның есінде қалған ақпараттарды өшіре алғандарын хабарлады. Ол ғылыми әрекет барысында тышқанның миына еш зақым келмеген екен.

Ғалымдар тышқанның ағзасына дәрі егу арқылы оның жадын өшіруге тырысқан. Олардың кейбірі бір күн, ал өзгелері бір айға дейін тәжірибеде ұсталған екен. Әлгі дәрінің күші жойылысымен тәжірибе тышқаны бұрынғы есінде болған ақпараттарды қайтадан ой таразысынан өткізе алатын боп шықты. Бұл тәжірибені дамыта келіп, ауыр жарақаттар мен қатерлі аурулардан кейінгі емге қолдануға болады деп, ғалымдар үміт артып отыр.

Бруклинде орналасқан Нью-Йорк - Доунстейт мемлекеттік университеті ғалымы Андре Фентон болса бұл дәрілердің тікелей мыйға қолданылмайтындығын алға тартып отыр. Мысалы көлігінің есігіне саусағын қысып алған жүргізушінің жұлын жүйкесіндегі қай жерге осы ауру жөніндегі ақпарат барып жатқандығын анықтап алып, дәріні жұлынның дәл сол аймағына жеткізу керек болады.

Алайда бұл тәсілмен жүрекке түскен жараны жазуға бола ма? Доктор Фентон бұл сауалға орай ешқандай уәде бере қойған жоқ.

Заманауи дәрі-дәрмек күшімен адам баласының жұмыр жер бетіндегі өмірін ұзарта түсуге болады. Осыдан екі мың жыл бұрын адамзат баласының орташа жасы 20 жылдан да аз болған екен. Ал қазіргі кезде Ресейде орташа жас шамасы 66 жас болса, Жапонияда бұл көрсеткіш 82 жас болып отыр. Алайда, ақылынан алжасып, есте сақтау қабілеті төмендеп кетсе, мұндай ұзақ өмірдің де қызықты болары екі талай ғой.

Осы тақырыпқа орай Австралияда, өткен айда жалпы халықтық зерттеулер жүргізілген болатын. Оның барысында анықталғанындай, алкогольдік ішімдіктерге көбірек әуес болу мен теледидарды күніне бір сағаттан көп көру адамның жадын тоздырады екен. Ал егер өткен 5 жыл ішінде марихуананы тартқан адамның да есте сақтау қабілеті мәз болмайтын көрінеді. Аталған зерттеуге 30 мыңға жуық адам қатысқан екен. Бұл зерттеуге ел үкіметі демеушілік жасаған. Себебі, жыл сайын мұнда “Ғылым аптасы” деген шара өткізіліп тұрады екен. Шай мен кофенің де есте сақтау қабілетіне кері әсері байқалмаған. Ал, аптасына бір рет балық жеп, кросворд жұмбағын шешетін адамның дүкенде сауда жасау үшін жазып алған тізімін жаттауға қабілеті артатын боп шықты. Роман, новелла оқырмандарының да жады жақсы жаттығады екен. Ең бастысы ми қызметін тұрақты түрде белсенді етіп отыру керек.

Теледидар бағдарламаларының ішінде емтихандық хабарлар мен жаңалықтар топтамасын тыңдау да адамның жадына игі әсерін тигізеді, дейді невро-психолог Нанси Пахана.

Британиядағы Портсмут университетінің псигология бойынша профессоры Паул Мористің дәлелдеуінше, иттерде жалпылама қызғаныш сезімі болатын көрінеді. Мүмкін бұл құбылыс ит ұстаушылар үшін жаңалық та емес шығар. Әдетте қызғаныш, мақтан тұту, ұялу, ыңғайсыздану деген екінші сатыдағы сезімдер деп есептелетіні шындық. Ұзақ жылдардан бері ғалымдар пікірінше, сүт қоректілерге, оның қатарында сәби балалар да бар, сезімнің бастапқы сатысындағы - үрей, ашу-ыза, таң қалу және қызығушылық сияқты сипаттары ғана тән деп келген еді. Бұған дейін сәби балаларды зерттеумен айналысқан профессор Морис соңғы әзірде иттерді зерттеуге қарай ойсықан болатын. Үйлерінде әртүрлі жануарлар ұстайтын бір мыңға жуық британдықтармен Морис ғалым сөйлесіп, зерттеулер жүргізген екен. Оның ішінде тек ит иелері ғана бұл аң түрінде қызғаныш сезімінің бар екендігін жеткізген. Дей тұрғанмен иттерде ұялу сияқты сезімнің болатынына ғалым Морис күдік келтіруде.

Бұл айтылғандар - таңғажайыпқа толы мына дүниедегі кейбір ғылыми жаңалықтар еді.
XS
SM
MD
LG