Accessibility links

Түркіменстан Ресейге сататын газдың бағасын келесі жылдан бастап өсіреді


Газ бағасы бір мың текше метр үшін енді 100 доллар болады. Қазіргі баға – 65 доллар. Ресей 2007-2009 жылдары Түркіменстаннан жыл сайын 50 миллиард текше метр газ сатып алмақ. Ашхабадта бүгін бекітілген келісімге "Газпром" компаниясының бастығы Алексей Миллер және Түркіменстан президенті Сапармұрад Ниязов қол қойды. Ресей түркімен газын әдетте Украина мен Оңтүстік Кавказға сатады.
XS
SM
MD
LG