Accessibility links

АҚШ президенті Иранға қатысты мәлімдеме жасады


АҚШ президенті Джордж Буш әлемдегі азат елдер Иранның ядролық қаруларды дамытуына мүмкіндік бермейді деп мәлімдеді. Сейсенбі күні Вашингтонда сөйлеген сөзінде президент Буш Иранның ядролық мәселесін дипломатия арқылы шешу мақсатында АҚШ-ы өз одақтастарымен бірге жұмыс істеуін одан әрі жалғастырады деді. Буштың айтуынша, халықаралық қауымдастық Иранның ядролық бағдарламасын тоқтатуына ынталандыратын “тиімді” ұсыныс жасаған. Ал Теһран бұл ұсынысты қабылдамай отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG