Accessibility links

Әл-Жазира телеарнасында АҚШ-тағы 2001-жылғы террорлық шабуылдарға дайындық мәжілісінен архивтік хабар көрсетілді


Қатар еліндегі Әл-Жазира теледидары АҚШ-тағы 2001-жылғы террорлық шабуылдардан бұрын әл-Қаида жетекшісі Осама бин Ладеннің өз көмекшілерімен өткізген мәжілісін көрсетті. Телеарнаның мәліметіне қарағанда, бейнетаспадағы азаматтар Рамзи Беналшиб пен Абу Хафс әл Масри көрінеді. Беналшиб - қыргүйектің 11-індегі террорлық шабуылды ұйымдастырғандардың бірі, қазіргі кезде АҚШ түрмесінде отыр. Ал екінші азамат 2001-жылғы Ауғанстан соғысы кезінде атып өлтірілген.
XS
SM
MD
LG