Accessibility links

АҚШ-қа жасалған шабуылдарға 5 жыл толды


Бүгін Америка Құрама Штаттарына жасалған шабуылдардың 5 жылдығы аталып өтеді. 2001 жылдың 11-ші қыркүйегінде орын алған ол лаңкесттік шабуылдардан шамамен 3 мың адам қаза тапты. Сол күні жолаушы ұшағының екеуі Нью-Йорк қаласындағы Дүниежүзілік сауда орталығына, тағы бір ұшақ Вашингтондағы Пентагонның ғимаратына соғылып жарылса, ал төртінші ұшақ Пенсильваниядағы ашық алаңға құлаған болатын. Ол лаңкесттік шабуылдарды “Әл-Қаида” ұйымы мен оның лидері Осама бин Ладен жүзеге асырды деп айтылып келеді.
XS
SM
MD
LG