Accessibility links

Көмір кенішінің өрт шыққан шахтасында қаза тапқан кеншілердің саны 25-ке жетті


ЧИТА: Ресейдің Чита облысындағы апат болған шахтадан құтқарушылар қаза тапқан соңғы 4 кеншінің мәйітін аңғарды. Міне осылайша көмір кенішінің шахтасынан шыққан өрттің салдарынан 64 кеншінің 25-і мерт болғаны анықталды. Өрттің шығу себептерін Ресейдің төтенше жағдайлар бойынша министрі Сергей Шойгу бастаған үкімет комиссиясы тергеу үстінде. Алтын өндірілетін осы шахтаның меншік иесі болып табылатын “Руссдрагмет” компаниясы қаза болғандардың отбасыларына 100 мың рубль өтемақы төлей бастады.
XS
SM
MD
LG