Accessibility links

Иран уран шикізатын байытудан келіссөзді жалғастыру үшін ғана бас тартпайды


ТЕҺРАН: Иран өзінің ядролық бағдарламасы тақырыбы бойынша келіссөзді жалғастыру үшін ешқандай алғы талап-шартты қабылдамайды және уран шиізатын байыту жұмыстарын тоқтату туралы шартты орындамайды. Иран сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Хамид Реза Азефи бүгін өткізген апталық баспасөз-маслихатында: “уранды байыту жұмыстарын тоқтату – уақыты өткен проблема. Біз өткенге қайтып орала алмаймыз. Біз ешқандай алғы талап-шартсыз келіссөзге отырамыз”, -деп мәлімдеді. Ресми Теһран көптен бері уран шикізатын байыту жұмыстарын тоқтатуды келіссөздің алғы шарты ретінде ұсынған БҰҰ-ының талабын қабылдамай келеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG