Accessibility links

Қазақстанда тағы бір оппозициялық саяси партия дүниеге келді


АЛМАТЫ: Қазақстанда оппозициялық жаңа саяси партия құрылды. Жалпы ұлттық социал-демократиялық партияның Алматы қаласындағы құрылтай сиезіне 2.5 мыңға жуық делегат қатысты. Жаңа партия өзінің жарғылық бағдарламасына сәйкес, жерді сатуды уақытша тоқтатуды, тегін жоғары білім беруді және зейнетке шығу жасын төмендетуді көздейді. Жалпы ұлттық социал-демократиялық партияның төрағасы болып “Әділетті Қазақстан үшін” оппозициялық қозғалысының лидері Жармахан Тұяқбай сайланды.
XS
SM
MD
LG