Accessibility links

Билік басындағы солшыл-центристер парламентте басым дауысқа ие болды


БАЛҚАН ТҮБЕГІ: Осыдан 4 айдай бұрын ғана тәуелсіздігін алған Черногориядағы бірінші парламент сайлауында берілген дауыстар бүгін есептелу үстінде. Дауыс беру кезінде өткізілген қоғамдық сауалнамаға қарағанда, премьер-министр Мило Джуканович бастаған билік басындағы солшыл-центристердің коалициясы 81 депутаттан тұратын парламентте басым дауысқа ие болды. М.Джуканович – 650 мың халқы бар Черногорияның Еуроодаққа мүше болып қабылдануына қажетті реформаларды жүзеге асыруға сөз берді.
XS
SM
MD
LG