Accessibility links

Батыс әлі де Иранды уран шикізатын байытудан бас тартқызамын деп үміттенеді


ВЕНА: Бүгін атом қуаты бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің Басқарма кеңесі Венада Иранның ядролық бағдарламасы проблемасын талқылайды. Өткен демалыс күндері осы қалада Еуроодақ басшылығының мүшесі Хавьер Солана мен Иранның өкілетті өкілі Әли Лариджани өзара келіссөз өткізді. Екі жақ та келіссөзді “үйлесімді” деп бағалап, өзара кеңесті осы аптада жалғастыруға уағдаласты. Келіссөз бейсенбіде жалғасатын сияқты. Еуропа Одағы Иранға экономикалық көмегі мен басқа да жеңілдіктерді ұсына отырып, оны уран шикізатын байытудан бас тартуға үгіттеуде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG