Accessibility links

Талибан қозғалысы Пактия әкімін жерлеу кезінде тағы 4 адамды өлтірді


КАБУЛ: “Азат Ауғанстан” Радиосының хабарлауынша, бүгін Хост өлкесінің Тани ауданында бомба жарылып, 4 адам қаза болып, 6 кісі жараланды. Бұл қастандық Пактия өлкесінің әкімі Хаким Таниуалды жерлеу рәсімі кезінде іске асырылды. Таниуал - өзінің інісімен және бір оққағарымен бірге кеше жанкешті-лаңкестің қастандығынан құрбан болды. Бұл шабуылды Талибан қозғалысы өз жауапкершілігіне алды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG