Accessibility links

МАГАТЭ-нің Бас директоры Иранмен арадағы келіссөздің нәтиже беретініне сенеді


ВЕНА: Атом қуаты бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің Бас директоры Мухаммад Әл-Баради Иранның уран шикізатын байыту бағдарламасына қатысты Теһран мен Брюссель арасындағы келіссөздің нәтиже беретініне үміт артады. Бүгін Венада журналистермен кездескенінде Әл-Баради Иранмен арадағы “диалогтың одан әрі жалғасатынына өзінің сенетінін” мәлімдеді. Журналистермен ол МАГАТЭ-нің Басқарма кеңесінің бүгінгі мәжілісі алдында тілдесті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG