Accessibility links

К.Хилл (АҚШ): “...ресми Пхеньян алты жақты келіссөзге қайта оралуға тиіс”


СЕУЛ: Бүгін АҚШ-тың ядролық істер бойынша арнаулы өкілі Кристофер Хилл қарусыздандыру жөніндегі халықаралық келіссөзге байкот жариялаған Солтүстік Корея “үлкен қателік жібереді” деп мәлімдеді. К.Хилл бұл пікірін осы келіссөздерге қатысу үшін Оңтүстік Кореяға келгенінде айтты. Оның мәлімдеуінше, ресми Пхеньян алты жақты келіссөзге қайта оралуға тиіс. Қытай, Жапония, Ресей, Оңтүстік Корея және АҚШ ресми Пхеньянның ядролық бағдарламасынан бас тартуға міндеттенген осыдан бір жыл бұрынғы келісімді орындауға дайын, -деп мәлімдеді К.Хилл.
XS
SM
MD
LG