Accessibility links

Еуропа мен Азия лидерлері Иранды халықаралық қоғамның ұсынысын қабылдауға шақырады


ХЕЛЬСИНКИ: Азия мен Еуропаның 38 елінің лидерлері Иранды өзін уран шикізатын байыту бағдарламасынан бас тартуға ынталандыратын халықаралық қоғамның соңғы ұсыныстарын қабылдауға шақырады. Финляндия астанасы – Хельсинки қаласында өткізген 2 күндік саммитінен кейін қабылдаған Мәлімдемесінде Азия мен Еуропа елдерінің жетекшілері, сонымен қатар, Солтүстік Кореяны да өзінің ядролық бағдарламасы бойынша 6 жақты келіссөзге қайта оралуға үндейді. Сондай-ақ, ғаламдық ауа райының жылынуына қарсы тұру үшін “ең ауқымды ынтымақтастыққа” шақыратын келісімге келді.
XS
SM
MD
LG