Accessibility links

Сербия мен Черногория бір-бірінен бөлінген соң, Еуроодақ соңғысымен жеке келіссөз жүргізеді


БРЮССЕЛЬ: Бүгін Еуропа Комиссиясы Еуроодақ пен Черногорияны жақындастыруға бағытталған келіссөзді осы айда бастайтынын хабарлады. Кеше Еуроодақтың одақты кеңейту мәселесі бойынша арнаулы өкілі Олли Рен Черногориядағы парламент сайлауының халықаралық стандартқа лайық өткенін мәлімдеген болатын. Сонымен қатар Рен Черногорияны елдегі реформаларды тереңдете беруге шақырды. Осыдан 4 ай бұрын Сербия мен Черногория бір-бірінен бөлінген соң, Еуроодақ соңғысымен жеке келіссөз жүргізбекші.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG