Accessibility links

Түркімендердің газ бағасын көтеруден Ресейге қаншалықты салмақ түспек?


Түркіменстан мен Ресей арасында, 2003-жылдың сәуірінде, алдағы 25 жылға 300 млрд долларлық газ саудасы жөніндегі өзара келісім болған еді. Сонымен, Ресей Түркіменстаннан сол 25 жыл ішінде 2 триллион шаршы метр көгілдір газ алатын болған.

Бірақ, кейінірек Ресейдің өз кеніштерінен алатын газ мөлшері азая түскені мәлім болып қалды. Ол үшін енді Ресейдің өз аумағындағы газ өндірісін дамыту үшін үлкен қаржы инвестициясы керек еді.

Міне осы кезден бастап, Ресей-Түркімен газ байланысында өзара дау-дамайлар шыға бастады. Түркімендер Ресейдегі мемлекеттік Газпром компаниясына жыл өткен сайын газ бағасы көбейеді деген мәлімдеме жасауға кірісті. Тіптен кейде өзара келісім тұйыққа тірелген кезде газ құбырын жауып тастаған кездер де болды.

2003-жылы Газпром түркімен газының 1 мың шаршы метріне 44 доллардан төледі. Оның жартысы ғана нақтылай, ал қалғаны бартерлік саудамен іске асқан болса, енді 2006-жылға келіп, Газпром бұрынғыдан екі есе қымбат, яғни 1 мың шаршы метр газға 65 долларды қолма-қол санап беретіндей болды.

Ал енді міне өткен ақпанда Түркіменстан президенті Ресейге сатылатын газ бағасы күздің бас кезіне қарай 65-тен 100 долларға дейін көтерілетіндігін шегелеп айтты.

Сол айтқан күз де келді. Қыркүйектің 5-інде Газпром жетекшісі Алексей Миллер жедел Ашғабатқа жетіп, президент Ниязовқа тағы да қолқа салды.

Қиындау келіссөздерден кейін Газпром өзара келісім бойынша 2006-жылдың 4-ші тоқсанына 12 млрд, ал 2007-2009-жылдарға 50 млрд шаршы метр газ сатып алатын болды. 2006-жылдың алғашқы 9 айына, бәрі болып, 30 млрд шаршы метр газ сатылмақ.

Ал енді мұның, әрине, Ресейдің Украинаға сатпақ газ бағасына әсері болары кәдік. Украина қаңтардағы келісім бойынша Ресейден келетін газға РосУкрЭнерго арқылы 95 доллардан төлеп отыр.

Бірақ сол РосУкрЭнерго Ресей газы үшін 230 доллар төлегенімен, оның шығын орнын осы кезге дейін Орта Азиядан, әсіресе Түркімендерден алатын арзан газ есебімен толтырып келеді екен. Сонымен, орта есеппен ол газдың бағасы 1 мың тонна шаршы метріне 95 доллар болған.

Дегенмен, Газпром Түркімен газына әлі де болса, мұқтаж екендігі мәлім болып отыр. Сондықтан, Ресей 2009-жылы 80, ал 2010-жылға барып, Түркіменстаннан 100 млд. шаршы метр газ сатып алмақ.

Ал бұл арада, Түркіменстан сәуір айында Қытаймен өзара келісімге қол қойып, 2009-жылға дейін екі ел арасына газ құбырын жатқызбақ.
XS
SM
MD
LG