Accessibility links

Билік басында 30 жыл (!) отырған Йемен президенті тағы 7 жылға сайланбақшы


САНА: Йемен араб елінде президент Әли Абдулла Салихтың сайлауалды науқанына жиналған жұртшылықтың дүрлігіп жан-жаққа қашуы салдарынан кем дегенде 51 адам қаза болып, 240-қа тарта кісі жарақат алды. Президент Салих сейсенбі күні ел астанасы – Сана қаласынан 190 шақырымдай қашықтықта орналасқан стадионға келген халықтың дүрлігуі салдарынан құрбан болғандардың отбасыларына көңіл айтты. Билік басында 30 жыл отырған Әли Абдулла Салих 20-сыншы қыркүйекте өтетін президент сайлауында тағы 7 жылға сайланбақшы.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG