Accessibility links

Иран президенті Африка, Оңтүстік және Солтүстік Америка елдерін аралайды


ТЕҺРАН: Бүгін Иран президенті Махмуд Ахмадинеджад 4 елге сапарға бару мақсатымен жолға шығуға тиіс. Алдымен ол Африканың батысындағы Сенегалға, одан соң “Қосылмаған елдер” қозғалысына мүше мемлекеттер басшыларының бас қосуына қатысу үшін Кубаның астанасы – Гаванаға аялдайды. Кубадан кейін Ахмадинеджад Венесуэла президенті Хуго Чавестің шақыруымен Каракасқа барады. Сапарының соңында Иран лидері алдағы аптада БҰҰ-ының 61-інші Бас Ассамблеясына қатысу мақсатымен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі штаб-пәтеріне аттанады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG